Әри-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әри-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 973
Аспанда Ай бірдей ме жұлдызбенен,
Шын кәмшат түрі бір ме құндызбенен.
Әри-ау, құндызбенен.
Жарамсыз жай кісіні кім мақтайды,
Қоңыр қаз жапалаққа ілгізбеген.
Әри-ау, ілгізбеген.
Салғаным оң қолыма қола жүзік,
Не керек көп жаманды жіпке тізіп.
Кеткенде аулың алыс, ақ сәулешім,
Жүрмеші енді бізден күдер үзіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері