Бейнем-ау (2 ­нұсқа)

Бұл бетте «Бейнем-ау (2 ­нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1240
Үш қиян — біздің елдің қияны-ай-ау,
Даусыңды ести алмадым қиядағы-ай-ау.
Болғанда сіз ақ сұңқар қиядағы-ай-ау,
Талпынған мен балапан ұядағы-ай-ау.
О-о-оу, Бейнем-ау-ай.

Үш қиян — біз қонған жер самалдағы,
Бір көрмеу ақ жүзіңді обал дағы
Бейнем-ау, көз жаздырып кеттің қайда,
Гүл меңзес көбелектей көгалдағы?!

Жан едің төрде бұлбұл сайратқандай,
Өткіздік аз қызықты ойнап қанбай.
Ауылдан қыз кеткен соң — қызық кетер,
Қалды елің қара бұлтқа ай батқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейнем-ау (2 ­нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Бейнем-ау (2 ­нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейнем-ау (2 ­нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейнем-ау (2 ­нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері