Бұл бетте «Бөлем-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдап салдым жылқымды тақырға деп-ай,
Қарамаушы ем кеш батса жатыр-ау деп-ай!
Қайырмасы:
Бөлем-ай, бөлем-ай,
Күнің барда күнде ойна,
Фәни жалған-ай, өтеді-ай!
Қосылған кішкентайдан, қарағым-ай,
Атамаушы ем атыңды «қатын-ай!» деп-ай!
Қайырмасы:
Бөлем-ай, бөлем-ай,
Күнің барда күнде ойна,
Фәни жалған-ай, өтеді-ай!
Алқызыл көрінеді қашқан түлкі-ай,
Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі-ай!
Қайырмасы:
Бөлем-ай, бөлем-ай,
Күнің барда күнде ойна,
Фәни жалған-ай, өтеді-ай!
Барында оралыңның ойна да күл-ай,
Қызығы бұ жалғанның ойын-күлкі-ай!
Қайырмасы:
Бөлем-ай, бөлем-ай,
Күнің барда күнде ойна,
Фәни жалған-ай, өтеді-ай!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі