Бұл бетте «Гауһар тас (3-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белін буған.
Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.
Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.
Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі