Гигәгә-гигәк – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Гигәгә-гигәк» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1344
Жұртбайдың қызы едім мәпелеген,
Ажал тағдыр қоймайды төпелеген.
Бес жасымда құдайым көзімді алып,
Сол себепті-ау, атандым жетелеген-ай,
Сол себептен атандым жетелеген.

Қайырмасы:
Гөй-гә-ги-гөк-ка, ги-гә-гә-ги- гәк-ка,
Гә-ги-гәй-ги-гөк-ка, гә-ги-гәй.
Ги-гә-гә-ги-гөк-ка, ги-гә-гә-ги-гөк, гә-ги-гөй.

Қу домбыра қолыма алып жүрмін,
Бір мінезбен халқыма жағып жүрмін.
Мені көр де, әйелдер, ғибрат ал,
Жын соққандай мен өзім не ғып жүрмін.
Жын соққандай не ғып жүрмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері