Борай да борай қар жауса
- 0
- 1
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бұл бетте «Арғымақтың баласы» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар —
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қайтіп
Қара нар керек біздің бұл іске.
DAMIRA
Маған қатты ұнады
Ақгул
Маған қатты ұнады
НУРАСЫЛ
маган оте катты унаиды осы олен
Сәуле
Астары терең,ғибраты мол,өзекті,керемет өнер туындысы!
Әр шумағы - бір мәтін!!
Сәуле
Керемет