Бұл бетте «Ерке шақ» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым,
Еркем-ай.
Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!
Осы арада жүзіңді көріп тұрып,
Еркежан деп атыңды жорта қойдым,
Еркем-ай.
Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!
Өлең айтқым келмейді ерінгенде,
Бойым дел-сал тартады керілгенде,
Еркем-ай.
Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!
Жерден алтын тапқандай қуанамын,
Жан сәулемнің төбесі көрінгенде,
Еркем-ай.
Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі