Жалған (1-нұсқа)
Бұл бетте «Жалған (1-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, жаным, дүние өтеді, дүние өтеді,
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Күл де ойна тіршілікте деп айтамын,
Түбіне сұм жалғанның кім жетеді, кім жетеді-ай.
Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.
Дүние жеткізбейді қуғанменен,
Ат көркем көрінеді тұрманменен.
Ақ көйлек секілді емес ақ ниетің,
Тазармас, бір кірлесе, жуғанменен.
Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.
Өлеңді мен айтамын екіленіп,
Иіскер қой қозысын мекіреніп.
Сыйласып қызықты өмір өткізейік,
Дүниеге жүрген кім бар екі келіп.
Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі