Бұл бетте «Жамал-ай (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алқызыл басында-ау, ала ноқта,
Айналайын, қарағым, еркем тоқта.
Кезең жерде-ау кез болған едің, Жамал,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма, жоқ па?
Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым, қалқам, саған-ай?
Ұстағаным қолыма-ау бұйда пышақ,
Жамал, сені көрдім де жайдым құшақ.
Қасіретіңе, Ақжамал, болдым риза,
Айдын көлдің аққуы саған ұқсап.
Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым, қалқам, саған-ай?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі