Жекей сал
Бұл бетте «Жекей сал» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біздің қыстау берік тас Қызыл биік,
Бауырында ойнаған біз бір биік.
Сен есіме түскенде, Жекей салым,
Екі стакан май іштім, ішім күйіп.
Қайырмасы:
Дүние далың,
Жекей салың.
Тоқтайтұғын алдында қамал бар ма,
Бұрынғыдай ойнайтын заман бар ма.
Қырық жігіттің қыздары ән шырқайды,
Тәңірім әйел қылған соң амал бар ма?
Тоқтатарға келмейді сенің халың,
Жетпейді деп жүрсің бе дүние-малың.
Қайта айналып көргенше кім бар, кім жоқ,
Бәрің де есен болыңдар, өңкей салым!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі