Жеңеше-ай (2-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жеңеше-ай (2-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2656
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге, жеңеше-ай,
Сіздей адам табылмас ексем жерге, жеңеше-ай.
Күн батар мен ымырттың арасында, жеңеше-ай,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге, жеңеше-ай.

Қайырмасы:
А-ей, жеңеше-ай,
Осылай әнім өзгеше-ай.

Айдап салдым жылқымды ақуданға, жеңеше-ай,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, жеңеше-ай.
Шын көңілімді тартасың алтындай-ақ, жеңеше-ай,
Ақ білегің сыбанып нар сауғанда, жеңеше-ай.

Қайырмасы:
А-ей, жеңеше-ай,
Осылай әнім өзгеше-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері