Жетіарал (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жетіарал (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2189
Жетіаралдай жер қайда қыз балаға,
Дария бешпент жарасар бозбалаға.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Елім-жұртым көз қырын сала ма екен,
Еңіреп кеткен еріксіз бір балаға.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Қыран бүркіт аспанда айналады,
Қиып кисем, тел бойым сайланады.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.

Еркек болсам, басыма бар ма пәле,
Әйелдікпен аяғым байланады.

Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері