Өлең, жыр, ақындар

Диірменші қызының өкініші

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 363
(1797)

Бозбала
Жоғал, аулақ! Кет деген соң, кет бірден!
Ар алдында өзіме серт еттім мен.
Хауа апаның жатырына тартқансың,
Бір-біріңнен еш айырмаң жоқ мүлдем!
Не деп тағы сандаласың, сайқал-ау!
Махаббат па? Қыз намысы? Қапталау!
Ол әуенді талап естіп, көп күлгем!
Цыган қызы
Біздің халық мынадай бір айтады ән,
Бір сұлу қыз дүниені шайқаған,
Өкініштен өлмек болған уланып,
Қарғап-сілеп, ата-анасын, туғанын,
Қайран сұлу не істерін білмейді,
Енді бүгін амал іздеп жүр, дейді.
Жігітімен жолығуға қайтадан.
Бозбала
Сен одан да мынаны қос әні де,
Махаббаттың бойламайтын мәніне.
Адал көңіл, Ақ сезімді лайлар,
Арамза қыз бар екенін әлі де.
Туыстары шеттерінен сұм бәрі,
Тонап алып, тыр жалаңаш қылғаны.
Құрып кеткір құрым қимай тәніме!
Цыган қызы
Құдайым-ай! Таңдадым ғой мен тыным,
Түні бойы тек соны ойлап толқыдым.
Келе жатқан сол ма, деймін, сыбырлап,
Сыртқы есіктің сықыр еткен солқылын.
Неге анамның айтқанына ердім мен,
Неге ғана, неге ғана көндім мен?
Қас қағым сәт келер ме еді сол түнім!
Бозбала
Өкінгеннен не шығады? Сезбегем...
Дәл қасына таян келген кезде мен:
«Жапшы, жаным, жап есікті тезірек,
Жап есікті,
Тез!»— деген.
Жұрағаты жетті қаптап кенеттен,
Ұят-ұят! Өкпеме де жел өткен.
Таяқ та жей жаздады ғой өзгеден!
Цыган қызы
Амалсыздан айырылған балдай түн,
Арман болып көңілімде қалды айқын.
Онсыз маған керегі не жарықтық,
Молам қайда жалмайтын!
Туыстарым қуып шықты,
Алдаған,
Ащы сөзбен қарғап-сілеп қалды анам
Айтуға ауыз бармайтын!
Автор
Мырза алдына бүккен келін тізені,
Цыган қызы — диірменшінің қызы еді.
Хауыз суы мөлдір әрі салқын да,
Соған бетін шайды білем,
Жарқылға
Толып маңай,
Ес жиғанша біз мүлдем,
Ақша қардай жайпап кетті қыз бірден,
Әрі сұлу,
Әрі зәлім қалпында.
Диірменшінің қызы
Тыңда, бәрін, айналайын, мұңым —ән,
Өзіңді іздеп діңкелеп те құрығам.
Қабағыңды шытпа, жаным,
Мен сенің
Күңің болам шынынан.
Қалайсың ба — болам адал жан жарың,
Қаламасаң — даяр, міне, қанжарым,
Көкірегіме бір ұрам!
Бозбала
О, махаббат! Тірі ме едің әлі сен?
Жүрек тағы даяр тұр ма алдауға?
Дертке
Қандап дару болар дәрі ішем?
Қалмап па еді жан дауда.
О, махаббат, мәңгіліксің, налыма,
Алда мені, алда мені тағы да —
Қауқарым жоқ құлың болып қалмауға!
Диірменшінің қызы
Уа, дүние, ажыратпа араны,
Шынымен-ақ, жаным, солай сезінсең,
Өзіңді бір құшқым келіп барады,
Құшағыңда көз ілсем!
Мен сендікпін! Алшы менен бәрін де,
Сенікі тек менің жаным,
Тәнім де,
Құлаққа ілме ағайынның сөзін сен!
Екеуі бірге
Түсірші, Күн, жарығыңды бұл маңға,
Жұлдызымен жарқырасын түнгі аспан.
Бақыт таңы атайын деп тұрғанда,
Махаббаттан кім қашқан.
О, махаббат, суы бітпес жылғадай,
Ағарсың да жатарсың сен құрғамай,
Таусылып, бір тынбастан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең-жырлар

  • 0
  • 0

Ән-жырлар қайдан шуақтанып,
Өлең-жырлар қайдан күш-қуат алады.
Ақындар оған көңіл қойып,
Көпшілік қолдап оны қолпаштар.

Толық

Жаңа өмір

  • 0
  • 0

Жүрек-ау, жүрек, мұның нең,
Сен неден сонша қысылдың?
Шошынам мына түріңнен,
Келеді соны түсінгім.

Толық

Таң сәулесінің нұрлы шапағаты...

  • 0
  • 0

Сөзбен жеткізе алмайтын,
Аспандап биіктенген, тамаша бір көріністі,
Қараңғылықты жоқ қылып, мүлдем атаусыз қалдырып,
Мәңгілік көңіліңнің қалауымен дос болар

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер