Жұбай-ау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жұбай-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1448
Қызды әулие көрмедім-ау, Балғасындай,
Той дегенде балқимын қорғасындай.
О-о-о-о, о-о-о-о-о, жұбай-ау.

Әрі-бері өлеңді-ау, сілкітейін,
Келіншектің керала жорғасындай.
О-о-о-о, о-о-о-о-о, жұбай-ау.

Айналайын, қарағым, келдің қайдан,
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан.
Ай, ау, десем артыңа қарамайсың,
Қарамастай көңілді кім қалдырған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері