Жылыой (1 ­нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жылыой (1 ­нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3339
Кең Жылыой—біздің елдің жайлаған жер,
Белдеуге кербесті атты байлаған жер.
Күлімкөз, оймақ ауыз, қиғаш қаспен
Мезгілсіз таң атқанша ойнаған жер.
Кең Жылыой—біздің елдің тиянағы,
Даусыңды ести алмадым қиядағы.
Даусыңды ести қалсам қиядағы,
Талпындым балапандай ұядағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері