Жылыой (2 ­нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жылыой (2 ­нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2708
Орынбор-Тұзтөбенің тұзын көрсең,
Жылыойдың таң қаларсың қызын көрсең.
Атыңнан түскен қайтып, міне алмайсың,
Әй-әйдің судан қайтқан ізін көрсең.

Торы айғыр тоқпақ жалды Адайда бар,
Қыздардың ең көркемі Ноғайда бар.
Көрінген қыздың бәрі сұлу емес,
Сұлу қыз көзі қара Жылыойда бар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері