Кәрінің әні – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кәрінің әні» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1439
Дүние өтіп жатыр құмай қудай,
Ақ бетке ажар кірмес, ой-ой-ой-ой,

Сүтпен жумай.
Уа, шіркін, дүние-ай,

Ақ бетке ажар кірмес, ой-ой-ой-ой, сүтпен жумай.
Бірге өскен құрбы-құрдас жүрсің қайда,

Қанатын қайшылаған, ой-ой-ой-ой, аппақ қудай.
Уа, шіркін, өмір-ай,
Қанатын қайшылаған, ой-ой-ой-ой, аппақ қудай.

Кәрілік қара нарға тас артқандай,
Бір жағын бір жағынан баса артқандай.
Аяққа жетпіс батпан кісен түсті,
Жан бар ма сол қорлықтан босатқандай.

Жемдей бер шаппай, желмей кәрі бозды,
Күш-қуат, ақыл-қайрат бәрі тозды.
Төрт бұрышын дүниенің сайрандаған,
Мінеки, екі аяқтан таяқ озды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері