Көкайдай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Көкайдай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2216
Қарағым, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,
Қосылса екі ақ маңдай, шам жаққандай.
Төбесі сұлу қыздың көрінгенде,
Аяқты баса алмаймын жын қаққандай.

Қайырмасы:
Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма!
Анық достым сен болсаң,
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Мен кеткенде сен қалма!
Ей, көк-айдай, көк-айдай,
Күткен, сәулем, қыз қайда-ай!

Көзіңнің айналайын жанарынан,
Сөзіңнің қуанамын хабарынан.
Не келіп, нелер кетпес жігіттікте,
Иіскеп жатар ма едім тамағыңнан!

Қайырмасы:
Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма!
Анық достым сен болсаң,
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Мен кеткенде сен қалма!
Ей, көк-айдай, көк-айдай,
Күткен, сәулем, қыз қайда-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері