Бұзау – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Бұзау» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2479
Бүгін неге апамның
Ашылмады қабағы?
Бүгін неге атамның
Ішілмеді тамағы?
Бүгін неге Қапанның
Оқылмады сабағы?
Сүтсіз қапты қара шай,
Кім десеңдер айыпты?
Бұл қырсықты қарашы-ай,
Бұзау еміп қойыпты!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері