Қарындаштар – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Қарындаштар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 1
  • 7632
Мынау сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау қара қарындаш,
Мұнымен түнді бояймын.
Мынау қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынауым жасыл қарындаш,
Мұнымен нуды бояймын.
Мынауым көк қарындаш
Мұнымен туды бояймын.
Мен суретші боламын,
Қолға қарындаш аламын.
Ақ апамның суретін
Ақ бояумен саламын.
Сонда менің қарындашым нешеу?
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу!


Пікірлер (1)

Төлеубек

Көп өлеңдері балалар әдебиетіне жақын екен.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері