Ақын қиялы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақын қиялы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1234
Жезтаңдай әнші,
Айтулы ақын,
Зиялы ғалым атанып,
Бейнеткештік таныттым.
Қиялдаймын
Зейнетін көрсем,
Қаһарманы болып халықтың.
Кім қаламас биіктігін,
Еңбекпен шыққан тауының
Айып етпе, бауырларым,
Құптайды мұны қауымың.
Әнші Ақын
Әрі Ғалым
Үш азамат едім тегі.
Татымай ма бір әншіге
Лаулап жанған еңбегі?!

27.10.2002 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері