Өлең, жыр, ақындар

Молданың үні назалы, күңіренеді

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 538
Молданың үні назалы, күңіренеді,
Сескентіп тастар саналы тірі немені.
Мәйітке жатқан, оранып қалы кілемде,
Екі жалғанның ортасы бірігер еді.
Мысқылмен қарар мырс етіп пенделеріне,
Жоқтауға басқан сүйсінді жеңгелеріне.
Түршікті тәні ажалдан, жанға – бәрібір,
Енеді қазір ерікті көрге де міне.
Сәлемін берер арқалы аруақтарға,
Жазалау тобы отырар ары қапталда.
Жтелеп жүрер беймәлім жаны бар кеуде,
Аралап бейітті шырақтан жағып ап таңға.
... Жаназа жатыр оқылып мақамымен,
Сиытты киді өліктен «ата ұлы» деген.
Жасырып қалды підия – арғымақ атты,
Молдалық ниет күйектей сақалыменен.
Садақа тимей сорлыға қамықты мәйіт,
Тұрғандай болды өтірік халық мұңайып.
«Күнәсін кешер, мүсәпір ғаріпке берші,
Марқұмның алдын, тірілер, тамұқ қымайық».
Демеді бірі, жаназа – жанына батты,
Дәме ете қарап тіріге жалына қатты.
Жәутеңдеп жатты кебінде ісініп-кеуіп,
Намазын оқыр адамы табыла қапты.
Жөнелді жұрты көтеріп төбелеріне,
Кейіді мәйіт күрсініп керең еліне.
Кескекті үзіп ешбірі құлқыннан асып,
Қарамайды екен өмірге терең, еміне.
... Тұрғызды көрден, әкетті жаза басына,
Танытты мұны тозақта әз ағасына.
Тірілер бұған көрсетті пенделіктерін,
Риза болмай, аттанды жаназасына.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүреді ғой кездейсоқтау шақ қабат

  • 0
  • 0

Жүреді ғой кездейсоқтау шақ қабат,
Қолдан келсе, білеуіттер таптамақ.
«Сицилия» кафесінде сорпа ішсе,
«Мерсінде» жатқаны анық, автомат.

Толық

Ойжайлауым

  • 0
  • 1

Ойжайлауым,
Құт мекенім,
Тұнығым,
Сені аңсаумен

Толық

Білмеппіз ғой барады тағдыр өтіп

  • 0
  • 1

Білмеппіз ғой барады тағдыр өтіп,
Жібердің бе жасыңды жаңбыр етіп.
Орамалың екен деп ақша бұлтты,
Жүрек тулап, қалғаны жан дір етіп.

Толық

Қарап көріңіз