Бағдаршам – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Бағдаршам» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 6248
Светофор – бағдаршам,
Қарсы алдымда жанған шам.
Күндіз-түні, түс кезі,
Жанып тұрар үш көзі.
Өтер кезде көшеден
Қарап алам неше мен:
Жасыл шамы жанғанда
Алға қарай аттаймын,
Сары шамы жанғанда
Сақтық жасап, тоқтаймын.
Қызыл шамы жанғанда
Қозғалып та жатпаймын.
Көшелерден өтудің
Ережесін сақтаймын.
Бағдаршам ба, бағдаршам,
Пайдалы екен аңғарсам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері