Көкаршын – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Көкаршын» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1719
Ал, көкаршын ән еркесі баппен айтса,
Ер жігіт не болады серттен қайтса.
Ән болмас көкаршындай қайда болсаң,
Ән білем деген адам шынын айтса.

Ал, көкаршын көңілімен қонған әнім,
Сүйеді сұлу әнді менің жаным.
Аспандап айғайлатып жүз құбылтсам,
Кетеді бойым балқып қызып қаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері