Күләй – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Күләй» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1206
Зарлансам, даусым жетпес Күләйіма,
Әйел теңдес келмейтін ұнамыңа.
Қайықтай төңкерілген қара керім,
Басқаның бермес едім қылаңына, әй, Күләй.

Қайырмасы:
У-ай, дүния-ай,
Күн-ай, Күн-ай,
Гүлі-гүлі-гүлі-гүлі, а-ай,
Зарықтым, тарықтым, ой-ой, Күләй.

Кетпейді Күләй даусың құлағымнан,
Жерімнің бара алмадым жырағынан.
Жау шығып дос дегенім арадағы
Айырылдым зарығумен шырағымнан.

Қайырмасы:
У-ай, дүния-ай,
Күн-ай, Күн-ай,
Гүлі-гүлі-гүлі-гүлі, а-ай,
Зарықтым, тарықтым, ой-ой, Күләй.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері