Күнім-ай (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Күнім-ай (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1440
Сарғайып сары көлде қамыс қалды, күнім-ай,
Ауылы бауырымның алыс қалды, күнім-ай.

Қайырмасы:
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.

Әуелден қыз болғанша, қаз болсамшы, күнім-ай,
Сыңқылдап айдын көлде табысқандай, күнім-ай.

Қайырмасы:
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.

Дүниеде не мұңдық, қыздар мұңдық, күнім-ай,
Шешеден болып мұңдық неге тудық, күнім-ай.

Қайырмасы:
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.

Шешеден болдым мұңдық тумас едік, күнім-ай.
Бұрынғы үлкендердің жолын қудық, күнім-ай.

Қайырмасы:
Күнде базар күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері