Бұл бетте «Кідігай (4 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әй!
Тыңдасаң жақсы күйді—құлақ құрышы,
Қалың төсек, тәтті ұйқы—жанның тынышы.
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент жігітке—дәулет құсы.
Қайырмасы:
Ей, кідігәй, қыздар-ай, шіркін-ай,
О! Уай, кеу, кідігәй.
Тәжікем, ә-ку дәу-ку дә-рі-ді-дім.
Әй! Салам қаршығамды қырғауылға,
Қырғауыл ілдірмейді, күн дауылда.
Аяғым қадам бассам, сөзге ілігем,
Жүремін қайтып бармай қызды ауылға.
Қайырмасы:
Ей, кідігәй, қыздар-ай, шіркін-ай,
О! Уай, кеу, кідігәй.
Тәжікем, ә-ку дәу-ку дә-рі-ді-дім.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі