Кідігай (5 нұсқа)
Бұл бетте «Кідігай (5 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дүниеде бір сұлу қыз сыланады,
Артынан еріп пенде қуанады.
Болғанда адам—түлкі, дүние—бүркіт,
Әркімді түзу жолдан шығарады.
Қайырмасы:
Ахау, ахау кідігәй,
Қызығы дүркін дүние-ай.
Дүние кім біледі бекеріңді,
Пендеге не қызықты шекеріңді.
Секілді түбі терең бір дария,
Жалғанда адам білмес екеніңді.
Қайырмасы:
Ахау, ахау кідігәй,
Қызығы дүркін дүние-ай.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі