Қазима – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қазима» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1481
Қазима, Қарашашпен аулың сыбай,
Ауылыңа келген айдап жағдай солай.
Көтеріп дәрежеңді бір тастайын,
Жас көңіл босап тұрса бұрынғыдай.

Қазима, айналайын, асыл досым,
Келмейді сенен бөлек көңіл хошым.
Күнелтіп, сайран етіп жүрер болсам,
Сырымның жасырайын сенен несін?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері