Өлең, жыр, ақындар

Москва, саған

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1277
Москва, саған, саған, сүйікті астанам
Арнадық біз жалынды жыр мен әндерді.
Әніміз қандай асқақтата бастаған –
Аспандай биік, океандай терең, пәрменді.
Әр сөзінде арналған саған жырлардың
Әжелердің аналық махаббаты бар.
Бейкүнә, балғын, ғажайып ұл мен қыздардың
Көктемнен көркем балалық махаббаты бар.
Тас жарылар, темір де тозар уақыттан,
Таулар күйрер, теңіздер суы тартылар.
Тозбайды жалғыз арналған саған махаббат,
Тартылмас ол, жыл асқан сайын артылар.
Күн қуатты, атом да күндей қуатты,
Кемітер оны, танымас оны біз емес.
Олар да бірақ махаббаттан туатын
Ең құдіретті достыққа біздің тең емес!
Тағдырмыз бір бесікте тербелген,
Аталардың қабырын да бірге қазғанбыз.
Қырық жыл бұрын бірліктің антын өзгермес
Зор майданда қып-қызыл қанмен жазғанбыз.
Москва, саған, саған сүйікті астанам
Арнадық біз жалынды жыр мен әндерді.
Әніміз қандай атымен Ленин бастаған –
Аспандай биік, океандай терең, пәрменді.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарағанды шахтерлеріне

  • 0
  • 2

Деген сөз Қазақстан әр қазақты
Мақтантар елдігімен туды уақыты.
Бұл сөзді ар, намыстай ардақтайды
Бар жайлау, бар завод пен барлық шахты.

Толық

Ана мен бала

  • 0
  • 0

Қасқырдай аласұрған қамаудағы
Жанығып жаудың жаны тұрған шағы.
Сартылдап отты қамшы сойып жонын,
Барады қанға бояп қашқан жолын.

Толық

Кел, жылдарым

  • 0
  • 0

Жұлдызы бар, жүрегімнің сөнбейтін,
Арманы бар жұлдызымның - өлмейтін,
Шақырады мені ілгері қашан да.
Жұтып болған жоқпын өмір шырынын,

Толық

Қарап көріңіз