Бұл бетте «Кешірім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен бірде саған қатты ренжідім,
Жаздадым ашып ала жүрек жігін.
Өзімді ақылға сап, ашуға емес,
Қайтадан тарта қойдым жүген жібін.
«Кешіргін, – десең, – Алла, кеш ұлыңды,
Күнәңді кешер Алла кешірімді.
Болса да қанша қатең, кешіреді
Анаң да аялаған бесігіңді.
Болғанда Алла – мейір, кешірімді,
Мен неге айта алмаймын шешімімді?
Не бәрі пендесімін бір Алланың,
Қатеңді кеше салсам, несі мінді?
Айтамын жан сырымды енді кімге?
Жалғыз-ақ жебеушімсің сен бүгінде.
Біріміз-бірімізге сүйеніш боп,
Жүрейік тату-тәтті кемді күнде.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі