Өз қолыңда тағдырым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өз қолыңда тағдырым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2942
Әрбір сәтім алтын
Өзінменен өткен.
Жаймашуақ жарқын
Көңілім – гүл көктем.
Сүйдім деген сөзің
Күткен лебім көптен.
Күлімдеген көзің
Шұғыласын төккен.
Бұл дүние тылсым
Ертегі боп кеткен.
Әсем бір ән-үнсің
Ғарыштан кеп жеткен.
Періштемсің ақ нұр
Ұшып келген көктен.
Өз қолыңда тағдыр
Алла бұйрық еткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері