Өлең, жыр, ақындар

Дәужанның тұңғышы туғанда

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1594
Айы жетті Жамалдың,
Күні жетті Жамалдың.
Атын қойды той жасап
Жаңа туған адамның.
Қызылшақа кешегі
Күн - күн сайын өседі.
Таныр болды табжылтпай
Әке менен шешені
Әкеде енді арман жоқ,
Көңілінде мұң қалған жоқ,
Тізімге ұлы тіркелді –
Дәужан ұлы Әлжан боп.
Басқаны әке көрмейді,
Мал-жан ойға келмейді,
Дәужан ұлы Әлжанды
Өзі ғана тербейді:
− Өсер әлі, өсер - ау,
Өсер менің құлыным,
Тақымына сабар - ау,
Әкесінің құрығын.
Қашағанды қуар - ау, -
Жүйрік мінген боташым,
Қуандырып тұрар - ау
Көкесі мен апашын.
Күрескенді үйірер
Жағаға қол салғанда,
Көрушілер сүйінер
Көз ілеспей шалғанда.
Тұрар жайда сызылып,
Кірмес қызып жанжалға.
Қарар қыздар қызығып
Дәужан ұлы Әлжанға....

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр

  • 0
  • 0

Күркірете көгімді
Көк ала бұлт сөгілді.
Отты көзі жалтылдап,
Бір шолып қап жерімді

Толық

Ертеңіне

  • 0
  • 0

Бұзып кірген есігін біздің үйдің
Кесір шалға көндім де басымды идім.
Сол кесір шал өзімнің домбыраммен
Бір сарынын тартып еді салқын күйдің.

Толық

Ленин бізге осылай деген

  • 0
  • 0

– Мен орнымды іздемедім биіктен,
Оны айтудың қажеті жоқ ешкімге,
Өзіңді өзің берік сақта,
Өзіңді өзің қымбаттатпа,

Толық

Қарап көріңіз