Қапиада-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қапиада-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1057
Қаратау басың биік тақиядай,
Көш өтсе көкорайды жапырады-ай.
Білімге әл келгенше таласыңдар,
Кейінде қалып жүрме қапиада-ай.

Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен,
Жас күнде ақыл-қайрат мол-ақ екен.
Барында гүл-жазыңның ойна да, күл,
Қызығы бұл жалғанның сол-ақ екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері