Дүние деген шолақ депті – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Дүние деген шолақ депті» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 3
  • 12149
Дүния деген шолақ депті,
Жан кеудеге қонақ депті,
Ақырет деген бір киім
Алып қайтар сол-ақ депті.
Дүние деген осы,
Ешкімнің емес досы,
Болар еді досы,
Аумаса егер қосы.
Дүниеге қызығамыз несін біліп,
Аз күнгі қызығына есерленіп,
Жалаңаш кеп, жалаңаш қайтамыз ғой,
Мойынға төрт қары бөз тесіп іліп.


Пікірлер (3)

Назерке

Дуние деген шолак депти олен жолын толык нускасы керек еди

хадиша

иә бұл өлең жақсы екен алайда толық нұсқасы берілер болса тіптен тамаша болар еді

хадиша

тамаша толық нұсқасын қашан жариялайсыздар

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері