Қара қаншық (1930 жылдары айтуға тыйым салынған ән) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қара қаншық (1930 жылдары айтуға тыйым салынған ән)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3937
Қоянды шалмай алар қара қаншық,
Сұңқарға жем тілеген болар талшық.
Жігітке нелер кетіп, нелер кетпес,
Сыртым су болып жүрмін, баурым балшық.

Дүние өте шығар Құдай барлап,
Кетпейді өтер күнде, сірә, жарлап.
Кешегі қара қаншық бар шағында,
Уайымсыз жүруші едім аңымды аулап.

Ой-ай, уоу, ей
Аңымды аулап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері