Қаракөз (4 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қаракөз (4 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2120
Қаракөз қайда сенің ыстық шағың,
Дүниеде ғашықтықтың дерті қиын.
Кешегі жиырма бестің базарында,
Болушы ед қалқам ауылы күнде жиын.

Қайырмасы:
Қара көзің сүзілген,
Қыпша белің үзілген.
Ауыздағы отыз тіс
Ақ маржандай тізілген.
Қаракөз қалды-ау кейін,
О, шіркін, уайым жеймін!

Қарағым сен де ақмаңдай, мен де ақмаңдай,
Арасы екі ауылдың шам жаққандай.
Кешегі жиырма бестің отты шағы,
Не керек өтіп барад күн батқандай.

Қайырмасы:
Қара көзің сүзілген,
Қыпша белің үзілген.
Ауыздағы отыс тіс
Ақ маржандай тізілген.
Қаракөз қалды-ау кейін,
О, шіркін, уайым жеймін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері