Досыма хат
Бірге оқыған, бірге өскен жолдасым,
Айтып қояр, бұл саған болмасын сын.
Түзететін мініңді айтып тұрмын,
Екіншілей қайталау болмас үшін.
Барып едім үйіңе кездеспедім.
Тіпті жақсы болар еді кездескенім.
Хат арқылы отырмын хабарласып,
Өзгеге онша ойымды бөлмес те едім.
Қойса нетті үйге стол сатып алып,
Қағазыңды жазасың жатып алып,
Кітап алсаң жатады тозаң жұтып,
Оқу қиын тозаңнан ашып алып.
Жағаң кетіп жүргені жайлауына,
Бір галстук табылмай байлауыңа,
Утюгті айтсаң әйелің шошып кетеді,
Уақыт жетті, соны бір ойлауыңа.
Қысы-жазы кигенің бір костюмің,
Сабақта да түспейді кір костюмің,
"Таза бол!"— деп басқаны үгіттейсің,
Былтырғы алған тігілмей тұр бастоның.
"Шылым тартпа, темекі ұстама!" — деп
Үйретесің шәкіртке мықты - ақ әдеп.
Өзің ылғи тұрасың шылым тартып,
Бұл, әрине, ойласаң ұшқары әдет.
Өсіп кейде сақалың мұртың менен,
Мұртың жейді тамақты ұртың менен
Ұстара іздеп қаласың айтқан кезде,
Таба қалсаң болады ол сүртілмеген.
Неге Оспандай болмайсың қасыңдағы,
Қайда сыпа мінезің жасыңдағы.
Омырауың сия боп отырасың,
Шапкаң мыж-мыж тұрады басыңдағы.
Кейде атасың табылса насыбайды,
Бір мінезбен жүрмейсің басыбайлы.
Шолжақтап ерініңді қысып алып,
Неге жаның жастарға ашымайды!
Бір жыл емес, ағашты жылда екпейсің,
Ең болмаса аулаңа су төкпейсің.
Топырағы толарсақ асап жатыр,
Басқа өйткенде, япырау, неге өйтпейсің?
Осы ауылдың мұғалім, білімдісі,
Ертеңгіге өнеге бүгінгі ісі.
Болатынның біреуі сен емес пе ең,
Жақсы адамның болмас па бір үлгісі!
Кеңірдектен аласың кейде жұтып,
Карта ойнайсың аласың демде - ақ ұтып.
"Енді саған осылар лайық па ?
Отырған жоқ сенен жұрт мұны күтіп.
Қалтаңда әлі баяғы қара дәптер,
Қулығың да жоқ емес, балаға ептер,
Ендігіңнің реті келер ме екен,
Жасың жетті, жарқыным, соны да ескер!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі