Қаракөз (6 нұсқа)

Бұл бетте «Қаракөз (6 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1550
Қаракөз сөз айтады жылап тұрып,
Көл қылып көздің жасын бұлап тұрып.
Қу кәмшат адыра қалған енді аман бол,
Жібердім жырақ жерге ылақтырып.

Қайырмасы:
Жирен аттың қасқасы,
Сыдырып алған таспасы.
Бірге өлейін деуші едім,
Қу шыбыннан басқасы.
Айдай сәулем, дәурен,
Сәулешім-ай, енді аман бол!

Қу кәмшат адыра қалған енді аулақ,
Келе бер зарлағанда өлең саулап.
Айтқан сөз, алысқан қол арамызда,
Кетсеңші тым болмаса көңіл аулап.

Қайырмасы:
Жирен аттың қасқасы,
Сыдырып алған таспасы.
Бірге өлейін деуші едім,
Қу шыбыннан басқасы.
Айдай сәулем, дәурен,
Сәулешім-ай, енді аман бол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракөз (6 нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қаракөз (6 нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракөз (6 нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракөз (6 нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері