Алғыс – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алғыс» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1798
Президенттік клиникасының хирургі Марат Әнуарұлы Насибуллинге

Ғажап жан екенсің бір балам,
Марат, Жаратқан-ау өзіңді Алла қалап.
Осынша иманжүзді болармысың
Тұратын маңайына мейірім тарап.
Алдыңа осыменен екі келдім,
Өз анандай алаңдап көңілің бөлдің.
Мейірімің шипалы қолың сенің,
Дем берді де оңалып жүре бердім.
Ұмыттырды мүлде езін сынған аяқ,
Қалам деген қауіп жоқ ұстап таяқ.
Бар пейілің назарың менде болып,
Ем жасадың ұқыптап мені аяп.
Өз ісіңе екенсің білгір, берік,
Тәтті жанды қолыңа берер сеніп.
Күліп қайтып жатқан кәп жылап келіп,
Тынды көңілім, қуандым көзім көріп.
Көңілім өсіп жазылдым мейіріңнен,
Ғибрат болар әркімге пейіліңнен.
Жүзіңе Алла үйірген имандылық
Болармысың осынша пейілің кең.
Алғыс айтам, Маратжан, жан жүректен,
Бата берем аналық ақ тілекпен.
Ғұмырлы бол, үбірлі-шүбірлі бол,
Қолың жетсін ғарышқа мақсат еткен.

04.06.2003 жыл.
Емханада.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғыс өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Алғыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері