Бұл бетте «Қаракөз (6 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаракөз сөз айтады жылап тұрып,
Көл қылып көздің жасын бұлап тұрып.
Қу кәмшат адыра қалған енді аман бол,
Жібердім жырақ жерге ылақтырып.
Қайырмасы:
Жирен аттың қасқасы,
Сыдырып алған таспасы.
Бірге өлейін деуші едім,
Қу шыбыннан басқасы.
Айдай сәулем, дәурен,
Сәулешім-ай, енді аман бол!
Қу кәмшат адыра қалған енді аулақ,
Келе бер зарлағанда өлең саулап.
Айтқан сөз, алысқан қол арамызда,
Кетсеңші тым болмаса көңіл аулап.
Қайырмасы:
Жирен аттың қасқасы,
Сыдырып алған таспасы.
Бірге өлейін деуші едім,
Қу шыбыннан басқасы.
Айдай сәулем, дәурен,
Сәулешім-ай, енді аман бол.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі