Қарашаш

Бұл бетте «Қарашаш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1764
Алтыннан салдым жүзік бармағыма,
Бұл күнде жан тең келмес салмағыма.

Қайырмасы:
Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым,
Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай!

Ортасында дәрияның сен аққайраң,
Ілінбеген ешкімнің қармағына.

Қайырмасы:
Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым,
Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай!

Қалқатай, сен ақ қоян секеңдеген,
Артыңнан мен ақсұңқар жетем деген.

Қайырмасы:
Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым,
Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай!

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айырылып, қалқам, сенен кетем деген.

Қайырмасы:
Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым,
Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарашаш өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қарашаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарашаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарашаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері