Бұл бетте «Қарашаш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алтыннан салдым жүзік бармағыма,
Бұл күнде жан тең келмес салмағыма.
Қайырмасы:
Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым,
Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай!
Ортасында дәрияның сен аққайраң,
Ілінбеген ешкімнің қармағына.
Қайырмасы:
Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым,
Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай!
Қалқатай, сен ақ қоян секеңдеген,
Артыңнан мен ақсұңқар жетем деген.
Қайырмасы:
Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым,
Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай!
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айырылып, қалқам, сенен кетем деген.
Қайырмасы:
Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым,
Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі