Өлең, жыр, ақындар

Қарғам-ау (3 нұсқа)

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2238
Қарғам-ау, сен қалайсың, а, мен дегенде-ай!
Құриды ынтық зарым, әй, қарғам-ау, сен дегенде, әй!

Қайырмасы:
Әй-а-ла-ла-лай
Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а.
Ой-ла-ла ли-лә-ла-ли ли-ли-ләй.
Уа-ли-лә-ку ла-лай-а-ла-ай!

Аршын төс, алма мойын, а, сен қарғам-ай!
Бал татар сілекейің, әй, қарғам-ау, шөлдегенде, әй!

Қайырмасы:
Әй-а-ла-ла-лай
Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а.
Ой-ла-ла ли-лә-ла-ли ли-ли-ләй.
Уа-ли-лә-ку ла-лай-а-ла-ай!

Қарғам-ау, ыризамын, а, сертке жетсең-ай,
Жерлерден қиын-қыстау, әй, аман өтсең, әй!

Қайырмасы:
Әй-а-ла-ла-лай
Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а.
Ой-ла-ла ли-лә-ла-ли ли-ли-ләй.
Уа-ли-лә-ку ла-лай-а-ла-ай!

Сен үшін сап татудан, а, кеттім алыс-ай,
Өзің біл ғашығыңды, әй, зар еңіретсең, әй!

Қайырмасы:
Әй-а-ла-ла-лай
Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а.
Ой-ла-ла ли-лә-ла-ли ли-ли-ләй.
Уа-ли-лә-ку ла-лай-а-ла-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аха-хай-ау

  • 0
  • 0

Сүйгенім қой ішінде ісек-тұсақ,
Турасам қойдың етін болады ұсақ, қалилай ахуай.
Атасы атамыздың әнші дейді,
Болайық біз де өлсеңші солар құсап, қалилай ахуай.

Толық

Ахау, Семей (1-нұсқа)

  • 0
  • 0

Базардан алып келген кәрлен аяқ,
Қалқатай, шәй құйып бер бәлденбей-ақ, ах-уай.
Бір сөзді әзілмен айта салдым,
Қоя ғой, ұнатпасаң, қинамай-ақ, ах-уай.

Толық

Ахау, Семей

  • 0
  • 0

Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Толық