Қоғалы көл (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қоғалы көл (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1541
Ауылың қонған жері-ау қоғалы көл,
Қоңыр қой, қозысы өлсе, болады тел-ай.
Дөңіне-ау Қоғалының шыға келсем,
Алдымнан қоңыр салқын соғады жел-ай-ау.

Қайырмасы:
Сәулем-ай, қарғам-ай,
Қоңыр салқын соғады жел-ай-ау.

Барады аулым көшіп Қауланкөлге,
Жетемін қашан көшіп таудағы елге.
Көргенше қайта айналып кім бар, кім жоқ,
Қол қысып, қош айтайын бұраң белге.

Қайырмасы:
Сәулем-ай, қарғам-ай,
Қоңыр салқын соғады жел-ай-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері