Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сынық Аймен сырласады қайың жалғыз,
Суық маңнан біз кетеміз, дайындал, қыз.
Орамалмен қара түсті оранған бұлт,
Сары, қоңыр теңіздермен шайылған күз.
Оралады мойныма кеп жыланды қыз,
Шаққан сайын мұң жүрегім уланды жүз.
Жылы нұрын қызғануда тәкаппар шам,
Жапырағын жасқа малған жылаңқы күз.
Сезім-жүрек бір тостаған бақ сыныпты,
Бұл жалғанда мейрімділік тапшы тіпті.
Жүрегіме бар қайғыны сыйдырып-ап,
Адамдарға сыйласам ғой жақсылықты.
Туылғанмын тас жүрекке қашап өлең,
Жан айқайды кім естісін, жаһан керең!
Мен тірімде жамандықпен күресемін,
Мен өлерде жақсылықты жасап өлем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері