Қоңыр гүлім
Бұл бетте «Қоңыр гүлім» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Етің аппақ көрінер жауған қардан,
Жігіттің арманы жоқ сені алған.
Дариясында мұхиттың сіз қоңыр қаз,
Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан.
Қайырмасы:
А-хау! О-о-о, қоңыр гүлім, ай!
Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан.
Сары алтын он саусағың, маржан білек,
Құдайдан саған қос деп қылдым тілек.
Бір хабар сізден, қалқа, келгенінше,
Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек.
Қайырмасы:
А-хау! О-о-о, қоңыр гүлім, ай,
Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі