Құдаша – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Құдаша» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 1
  • 2979
Толқынындай дарияның қара шашың, ей, ахау,
Жаңа туған айдай ғой, қиғаш қасың-ау!
Жаңа туған айдай ғой, а, ай, қиғаш қасың, құдаша-ай.
Алқызыл гүл жанады екі бетің, ей, ахау,

Қайырмасы:
Нұрдан пайда болғандай аппақ етің-ау!
Нұрдан пайда болғандай, а, ау, аппақ етің, құдаша-ай.

Отыз тісің тізілген інжу-маржан,
Күздікүнгі етің ақ жауған қардан.
Шыққан сөзің аузыңнан дертке дәрмен,
Сізді құшқан жігітте болар ма арман!

Қайырмасы:
Нұрдан пайда болғандай аппақ етің-ау!
Нұрдан пайда болғандай, а, ау, аппақ етің, құдаша-ай.

Екі бетің жанады алқызыл гүл,
Қасың қара һәм және, шашың сүмбіл.
Көкіректен кетпейді айтқан сөзің,
Бақ ішінде сайраған бейне бұлбұл.


Пікірлер (1)

Омарали

«Құдаша» — қазақ ауыз әдебиеті мен халық әні сарындарының бірегей үлгісі. Бұл өлеңде «құдаша» сөзі арқылы жастар арасындағы сезім, махаббат пен ықыластың нәзік көрінісі берілген. Көркем сөздер мен қайырма қайталанымдары оқырманға әннің ритмін сезінуге мүмкіндік береді, әрі қазақ фольклорының дәстүрлі мотивтеріне негізделген поэтикалық тіл қолданылған.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері