Құрбым-ай (2-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Құрбым-ай (2-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1994
Біздің ауыл, мінекей, колхоз аулы,
Өсуіне колхоздың еткен қаулы.

Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.

Екпінді топ бригада ұштасқандар,
Қырына алса, қиратқан қара тауды.

Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.

Жайқалтып сайды егінім салаларын,
Елімнің ұлан-байтақ далаларын.

Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.

Қара жердің қыртысын қарсы айырып,
Астықпенен толтырып далаларын.

Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері