Қыз бала
Бұл бетте «Қыз бала» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған бала туралы өлең берілген.
Құдайым қызды жан деп-ай, жаратады,
Қайырып қара шашын таратады, таратады қыз бала.
Біреудің әлпештеген-ай баласы едім,
Қолына қандай жанның қаратады, қаратады қыз бала.
Қайырмасы:
Ау!
Дүниеде қыздан сорлы жан бар ма екен,
Кетеді тірі айрылып руынан қыз бала.
Сыртынан ауылымның аса алмадым,
Жайқалтып жапырағын баса алмадым.
Түскенде сен есіме, қайран анам,
Мен жылап өксігімді баса алмадым.
Қайырмасы:
Ау!
Дүниеде қыздан сорлы жан бар ма екен,
Кетеді тірі айрылып руынан қыз бала.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі